Елшінің Сәлемдемесі

2023-02-03


Қазақстан Республикасындағы Моңғолия елшілігінің сайтына кіргеніңіз үшін алғыс айтамыз.

Қазақстан Республикасы Моңғолияның сыртқы саясатында маңызды орын алады және еліміздің Орталық Азия өңіріндегі маңызды серіктесі болып табылады. 1992 жылғы 22 қаңтарда дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап Моңғолия мен Қазақстан Республикасы арасында қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтар барлық салаларда терең дамып келеді.

Осы веб-сайт арқылы Елшілік сізге Моңғолияның ағымдағы саясаты, экономикасы, қоғамы, тарихы мен мәдениеті туралы, сондай-ақ Елшіліктің қызметтері туралы, және де Елшіліктің жауаптанатын Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Грузия елдерімен орнатылган достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықта болып жатқан маңызды оқиғалары туралы ақпарат береді.

Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Грузияда тұратын және саяхаттайтын моңғол азаматтарының заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік қызметтерді жедел жеткізу, сондай-ақ қажетті қолдау көрсету Елшілік қызметінің маңызды бағыты болып табылады және біз осы бағытты жүзеге асыру жұмысын істейтін боламыз.

Жеке өзімнің және елшілік ұжымынын атынан Сізге денсаулық, бақыт және бар жақсылықты тілеймін!

ДОРЖИЙН  БАЯРХУУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МОҢҒОЛИЯНЫҢ

ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ